Мектеп бітіруші түлектерге арналған биология пәні бойынша X Облыстық олимпиада

Мектеп бітіруші түлектерге арналған биология пәні бойынша X Облыстық олимпиада

2024 жылдың 20 сәуірінде КЕАҚ “Семей медицина университетінде» биология пәнінен оқушыларға арналған X Облыстық олимпиада, және кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Ашық есік күні» өткізілді. Олимпиада мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – дәрігер мамандығына қызығушылық танытқан облыстың 11 сынып оқушыларының, түлектерінің қызығушылығын арттыру және тарту, дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін және ғылыми – зерттеу қызметіне қызығушылығын дамыту, оларға кәсіптік бағдарлауға және медициналық жоғары оқу орындарында білім беруді жалғастыруға жәрдемдесу.

  • Ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру комитеті құрылды: ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы:
  • Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: Мынжанов М.Р., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессоры;
  • Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары: Оразалина А.С., б.ғ.к., доцент, ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі;
  • Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
  1. Ибраева Г.Р., биология магистрі, ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының аға оқытушысы;
  2. Ғалымбеков Д.Ж., м.ғ.м., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
  3. Есентаева А.М., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
  4. Елькенова Б.З., биология бойынша п.ғ.м., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
  5. Кожахметова Б.Б., п.ғ.м., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
  6. Кульжебаева С.Р., м.е.н., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
  7. Данешова А.М., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы;
  8. Жусупова М.М., ҚР ҰҒА академигі Т.К.Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының лаборанты;

 

  • КЕАҚ “МУС” “Medical foundation” бөлімі:
  • Толеубаева К.С., г.ғ.м., Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің басшысы;
  • Ажарова А.К., Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің әдіскері;
  • Кайгельдинова С.А., Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімінің әдіскері
  • сондай-ақ кафедраның кураторлық топтарының студенттері 1 курстан, “Медицина” және “Педиатрия” мамандығынан (1217, 1219, 1220, 1230, 1231, 1233).

Қатысушылар облыстың әр түрлі аудандарынан (Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары мен қалалары: Курчатов және Семей); Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан (Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандары, Риддер қ.және Өскемен қ.).

Қатысушылар мен олардың мұғалімдері ресми тіркелгеннен кейін КЕАҚ “МУС” акт залында Олимпиаданың ашылу салатанаты болды. Олимпиаданың ашылуында КЕАҚ “СМУ” Басқарма Төрағасы – ректоры Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы құттықтау сөз сөйледі.

Білім басқармасының «Аймақтық инновациялық-әдістемелік орталығы» бөлімінің басшысы Г.Т.Төлеубаева құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, кафедра профессоры Мыңжанов Мақсұт Рахымұлы сөз сөйледі, ол біздің кафедраның тәжірибесі туралы айтып берді: “Біздің кафедраның кәсіби бағдар беру жұмысында мол тәжірибесі бар. Барлығы орта оқу орындары мен колледждердің түлектері үшін биология пәні бойынша 21 олимпиада өткізілді (қалалық – 12 және облыстық – 9)”. Мақсұт Рахымұлы барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай барлық қатысушылар дәріс залдарына жіберілді.

Олимпиада бір кезеңде жазбаша тестілеу түрінде өткізілді, тесттерге орта мектептің биология бағдарламасынан келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілді: ботаника, зоология, адам анатомиясы және физиологиясы, жалпы биология, жалпы, медициналық генетика. Жазбаша тестілеу 1,2,3 деңгейдегі 50 сұрақтан тұрады. Барлық тапсырмаларды орындауға үзіліссіз 80 минут уақыт берілді.

Барлығы 230 қатысушы өз білімдерін тексерді, оның ішінде-қазақ тілінде оқытатын 140 қатысушы және орыс тілінде оқытатын 90 қатысушы. Тестілеу аяқталғаннан кейін қазылар алқасы жұмыстарды тексеріп, нәтижелерін анықтады.

Сондай – ақ, оқушыларға, оқытушыларға, ата-аналарға КЕАҚ “МУС” тематикалық оқу бөлмелері (жапон, пәкістан, үнді, қазақ, түрік бөлмелері, Астана бөлмесі, “Бейбітшілік және келісім” бөлмесі), сондай-ақ симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының анатомиялық мұражайы мен тренажер бөлмелері бойынша шолу экскурсиялары ұйымдастырылды.

Пәндік олимпиада нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

Қазақ тілінде оқытатын оқушылар

1-орын: Тлеукен Арайлым 125 High School (Семей)

2-орын: Қасымова Ақнұр – Шыңқожа мектебі (Аягоз қаласы), Құнарсагитова Малика – Георгиевка орта мектебі (Қалбатау ауылы)

3-орын: Зайдошева Ақнұр – №27 мектебі (Семей), Айтқалиев Заңғар – №26 мектеп (Семей), Кожмагамбетова Назерке – 24 мектеп (Павлодар қаласы), Серік Сұлтан – Георгиевка орта мектебі (Қалбатау ауылы),Калиева Аружан – Би Боранбай орта мектебі (Шар қаласы), Сенғазы Асқар – 125 High School (Семей), Жолдаспаева Диляра – 125 HIGH SCHOOL( Семей).

4-орын: Мурат Сабина – Карелин атындағы орта мектебі (Шар қаласы), Жунусбекова Ұлжан – №21 мектеп (Семей), Сапаров Рахат – Жамбыл орта мектебі (Өскемен қаласы), Орынғалиева Аяулым – №6 мектеп (Семей), Боратова Карина – №30 мектеп (Семей).

Орыс тілінде оқитын оқушылар

1-орын: Мурсалимова Дана – Экономиялық лицей (Семей)

2-орын: айнулина Амина – №28 мектеп (Семей), Акулова Мария – №6 мектеп (Семей)

3-орын: Корабеков Акежан – №10 мектеп (Семей), Яковлева Дарья – №29 мектеп (Семей), Ахметжанова Ясмин – Чернышевский атындағы №1 мектеп (Семей)

4-орын: Омарбекова Қарлығаш – Shakarim High School (Семей), Ергазинова Сабина – №41 мектеп (Павлодар қаласы), Оспанова Мариям – №6 мектеп (Семей)

Олимпиаданың 1,2,3,4 орын жеңімпаздары университеттің қолдауымен ақшалай сыйлықтар және әрбір жеңімпазға 1,2,3,4 орынға дипломдар берілді, сондай-ақ әрбір қатысушы ұпай саны бар “қатысушы сертификатын” алды, және де барлық биология мұғалімдеріне оқушыны дайындағаны үшін сертификаттар берілді.

ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы барлық оқушыларға биология бойынша X Облыстық олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс білдіреді. Университет басқармасына, ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.Қ атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына, “Medical foundation” бөлімшесінің қызметкерлеріне, “Медицина” және “Педиатрия” мамандығынын (1217, 1219, 1220, 1230, 1231, 1233) кафедраның кураторлық топтарына, сондай-ақ мейірбике ісі кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Р.Н., 2228 топ “Медицина” мамандығының студенттері мен кураторы – қауымдастырылған профессор, физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Уразалина Н.М., анатомия, симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының, кітапхана, мұражай қызметкерлеріне Х Облыстық олимпиаданы ұйымдастырғаны және өткізгені үшін өз алғыстарын білдіреді.

Ғалымбеков Д.Ж., ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы