22 сәуір 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының цикл бастығы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың ұйымдастыруымен «Стоматология» мамандығының 308, 309 топ студенттерімен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған іс-шара өткізілді.
Презентация ақпараттық қана емес, тарихқа қызықты саяхат болды десе де болады.
Баяндамашы батырдың өмірі жайлы ақпараттар бере отырып, ерліктері мен өміріне байланысты жетістіктеріне тоқталып өтті.
Өткізілген іс-шарадан үлкен әсер алдық, яғни, Отан қорғаушылардың патриотизм рухынан сол кездегі атмосфераны сезінгендей болдық.
Бұл – Батырға деген үлкен құрметтің үлгісі және де жаңа ақпарат көзі ғана емес, ерліктерге деген шабыт тудырушы, сонымен қоса, бізге өткеннің батырлары туралы естеліктерді жадымызда сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу маңыздылығын айқын ұғындырушы шара болды.
Түсінгеніміз – өткен тарих, қазіргі және болашақ ұрпаққа сабақ болу керек…
Цикл бастығы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловқа әсерлі шара үшін алғысымызды білдіреміз!
Әскери кафедраның 308, 309 топ студенттері