Жаңа түскен кітаптар көрмесі өтті

Жаңа түскен кітаптар көрмесі өтті

Университет кітапханасы жалпы білім беретін пәндер кафедрасының күнін ұйымдастырды, оқытушылар келіп түскен жаңа әдебиеттермен танысты, кафедраға ақпараттық ресурстар (“Aknurpress”, “Эпиграф” электрондық цифрлық кітапханалары) таныстырылды, оқытушылар тіркеуден өтті, бұдан әрі білім алушыларға ұсынылатын болады.

Әдебиет пәндердің қамтамасыз етілу мониторингі негізінде, сондай-ақ кафедралардың өтінімдері негізінде тапсырыс берілді. Сапалы, қажетті әдебиеттер сатып алынды.

Оқытушылар оқу үдерісі бойынша сапалы әдебиеттермен қамтамасыз етілгені үшін алғыстарын білдірді.