М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттік халықаралық ғылыми конференцияға 1 курс студентінің қатысуы

М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттік халықаралық ғылыми конференцияға 1 курс студентінің қатысуы

2024 жылдың 11-12 сәуір күні ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс 1213 тобының студенті Асабаев Н.Н. Ақтөбе қаласы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Ғылым: кеше, бүгін, ертең» атты жас ғалымдардың LIX халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, «Генетикадағы дерматоглификаның рөлі. Даун синдромын зерттеудегі дерматоглифика әдісінің маңызы мен тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, ІІ орынға иеленді.  Ғылыми жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Елькенова Б.З.