Семей қаласының «Ұзақ өмір» орталығындағы «Күміс университет» бағдарламасы аясында өткізілген шара

Семей қаласының «Ұзақ өмір» орталығындағы «Күміс университет» бағдарламасы аясында өткізілген шара

23.04.2024 госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасы, ассистенттер Альпищева С.В., Оразгалива М.Т. және бірінші курс анестезиолог- реаниматолог резиденттері, Семей қаласындағы «Ұзақ өмір сүру орталығында» қаланың зейнеткерлеріне «Күміс университеті» бағдарламасының бағыты бойынша кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді. Тыңдаушылар – зейнеткерлерге «Халыққа шұғыл көмек көрсету» тақырыбында дәріс оқылып, тәжірибелік сабақ өткізілді. Тыңдаушылар өздері үшін жаңа ақпаратты біліп, жаңа дағдыларды меңгеруге қуанышты болды.

Сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Дәріс пен тәжірибелік сабақтан кейін әңгіме бейресми жағдайда шай үстінде жалғасты. Шараға барша тыңдармандар мен зейнеткерлер риза болып, алғыстарын білдірді.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір