“Аяқ-қолдың жұмсақ тіндерін қалпына келтіруі мен қол жарақатының өзекті мәселелері” мастер-класс

“Аяқ-қолдың жұмсақ тіндерін қалпына келтіруі мен қол жарақатының өзекті мәселелері” мастер-класс

11-20 наурыз аралығында “Аяқ-қолдың жұмсақ тіндерін қалпына келтіруі мен қол жарақатының өзекті мәселелері” тақырыбында мастер-класс өтті. 16-18 наурызда Семей қ. ЖМЖА клиникалық базасында травматология және балалар хирургиясы кафедрасы мастер-кластың практикалық бөлігін ұйымдастырды.

Келген профессор Цыбуль Евгений Сергеевич, травматолог – ортопед дәрігері, м.ғ.к., Санкт-Петербург қ. Р. Р. Вреден атындағы ФМБМ ТО ХМЗО  микрохирургиялық техникасы мен қол хирургиясы бөлімінің ғылыми қызметкері. Ресей Федерациясының 6 патентінің авторы, рецензияланған журналдардағы 11 мақаланың авторы және соавторы. Бейінді ресейлік және шетелдік конференциялар мен конгресстердің тұрақты қатысушысы.

Остеомиелитпен ауыратын науқастарға техникада 3 операция жасалды: суральды лоскутпен тері жамылғысы, сәулелі лоскутпен тері жамылғысы,  дененің алыс жерлерінен қоректендіретін аяқшасымен лоскутты тікелей трансплантациялау. Практикалық курс аясында Қазақстанның әр өңірінен келген травматолог-ортопед дәрігерлерінің, “СМУ” КеАҚ  резиденттері мен интерндерінің қатысуымен дәрістер оқылды