Резиденттердің академиялық ұтқырлығы

Резиденттердің академиялық ұтқырлығы

15-26 сәуір аралығында Сібір мемлекеттік медицина университетінде (Томск қ., РФ) “Жалпы хирургия” мамандығы бойынша Семей медициналық университетінің резиденттері тағылымдамадан өтті.
Елдос Нұрғазинов 2-ші оқу жылының резиденті (“Жалпы хирургия” мамандығы, “,Шұғыл хирургия” пәні) және Саян Бегелдинов 3-ші оқу жылының резиденті (“Жалпы хирургия” мамандығы, “Жоспарлы хирургия” пәні).
Басым бағыттар: эндовидеохирургиялық, гибридті хирургиялық араласулар; өңеш саңылауының грыжасы кезіндегі емдеу-диагностикалық тактика мәселелері; өңеш пен асқазанның күйіктен кейінгі тыртық стриктуралары; созылмалы панкреатит, кисталар, фистулалар және ұйқы безінің ісіктері; порталдық гипертензия синдромы, асқазан-ішектен қан кету және т. б.

Тағылымдама Семей медицина университеті мен Сібір мемлекеттік медицина университеті арасындағы серіктестік келісімін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.