1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

Қазақстан – біздің көп ұлтты үйіміз, онда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Қазақстандағы барлық этностардың достығы мен келісім мерекесі, бұл елімізге деген патриотизмнің, халқымызға адалдықтың мерекесі. Еліміздің барлық жетістіктеріне бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткізілді. Көршілес ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі мен мәдениетін білу өз халқыңыздың рухани дүниесін тереңірек түсінуге көмектеседі.

2024 жылдың 25 сәуірінде Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға  КеАҚ «СМУ» оқытушылар Ван О.Т., (симуляция және білім беру технологиялары кафедрасы), Ковалева Л.В. (ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы) және 1508, 2615, 2616, 3444 шетел топтарының студенттері қатысты. Кітапхананың шетел әдебиеті кафедрасының қызметкерлері Валиуллина Асия Ринатқызы, Абельдинова Айжан Серікпаевна аталмыш шараға келген қонақтарды келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, мерекелік бағдарлама ұсынылды. Бағдарламады «Бір шаңырақ астында» атты тұсаукесер көрсетіліп, Семей қаласындағы Достық үйі өкілдерінің сөз сөйлеуімен жалғысып, барлық ұлт өкілдері туралы сипаттама жүргізілді. Шет елдік студенттер өз елдері туралы шағын таныстыру өткізіп, өнерлерін көрсете отырып іс – шараға үлкен қызығушылықпен қатысты.

Рубрикалар: Мерекелер