11 сынып оқушылары арасында «Химия» пәні бойынша II облыстық олимпиада және «Ашық есік күні»

11 сынып оқушылары арасында «Химия» пәні бойынша II облыстық олимпиада және «Ашық есік күні»

27 сәуірде Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының 11 сынып оқушылары арасында «Химия» пәні бойынша ІІ облыстық олимпиада және  кәсіптік бағдарлау жұмысы аясында «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушы – проф. Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушылары, қабылдау комиссиясы бөлімінің және Medical Foundation қызметкерлері.  Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша тестілеу түрінде өтті. Тестке химия пәні бойынша орта мектеп бағдарламасынан сұрақтар енгізілді. Жазбаша тестілеу күрделілігі I, II, III деңгейдегі 50 тест сұрақтарынан тұрды. Іс-шараның салтанатты ашылуында барлық қатысушыларды академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.К. Смайылова, м.ғ.к. кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, РАЕ профессоры Р.Р. Олжаева құттықтады. Олимпиадаға барлығы 95 оқушы, қазақ тілінде 73, орыс тілінде 22 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болған жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны үшін сертификаттар табысталды.

Орындалған жұмыстардың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Қазақ бөлімі:

1 орын:

Оразғалиев Ералы Ерболұлы, Семей қаласы, «Жас Абай» мектебі

2 орын:

Әшіров Әйтемір және Тілеукен Арайлым, 125 high school

3 орын:

Қайрат Ажар Семей қаласы, 6 мектеп

Айтқалиев Заңғар Семей қаласы, 26 мектеп

Жұмағалиева Дина 125 high school

Орыс бөлімі:

1 орын: Темербаев Рамазан ОМ 1. Семей

2 орын:

Тоқанов Шыңғыс НИШ

Омарбекова Қарлығаш Shakarim High Shcool

3 орын:

Амангельдинов Айдын 7 мектеп, Семей

Жүсіпова Әсел.. Павлодар Білім инновациялық лицейі

Тұрысқалиева Анель Қожагелді Батыр атындағы мектеп

     Олимпиада тапсырмаларын орындағаннан кейін мектеп оқушылары университет мұражайына, тақырыптық кабинеттерге, оқу орталығына, анатомиялық мұражайға барды. Олимпиаданың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз, жеңімпаздарды құттықтаймыз.

          Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының қызметкерлері, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы ұжымы Р.Р. Олжаева

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар