Биохимия пәнінен Жылсайынғы халықаралық пәндік студенттік олимпиадаға қатысу

Биохимия пәнінен Жылсайынғы халықаралық пәндік студенттік олимпиадаға қатысу

2024 жылдың 27 сәуірінде м.ғ.д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Жалпы Медицина мектебі-1 және Фармация мектебімен ұйымдастырған жыл сайынғы халықаралық пәндік студенттік олимпиадаға онлайн форматта қатысты.

Жыл сайынғы халықаралық пәндік студенттік олимпиаданың мақсаты – медицина саласындағы білімді дәріптеу, сондай-ақ студенттердің базалық пәндер бойынша оқу қызметіне қызығушылығын арттыру, студенттердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін көрсету үшін мүмкіндіктер жасау және халықаралық байланыстарды нығайту.

Олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қарақалпақстан Республикаларының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. КеАҚ “Семей медицина университеті” тарабынан “Биологиялық химия” секциясына “Медицина” мамандығының 2 курс орыс, қазақ және ағылшын бөлімдерінің келесі студенттерінен 3 команда қатысты: Мекенбаев Данияр-2325, Рысбек Балнұр-2325, Могилева Екатерина-2326, Қанат Медет-2325, Аманулла Иса-2104, Оралбекова Дина – 2104, Мейран Сабина – 2104, Берикова Айдана – 2105, Жұмабаева Малика – 2228, Кәрібжанова Аяжан – 2228, Оралбекова Аружан – 2228, Төлеубаев Данияр-2228. «Басқару және фармация экономикасы» секциясына біздің университеттен 2 команда қатысты, олар 4 курстың «Фармация» мамандығының келесі студенттері: Болатов Алишер – 402, Канагатова Жансая – 402, Тоқтасынова Мөлдір – 402,Бақытжарова Нұрдана – 402, Амантаева Надира -402, Жуматаева Томирис – 401, Жангаулова Айя – 401, Ерланулы Ержан – 401, Искакова Зухра – 401, Молдабаева Айша – 401.   Студенттерді даярлауда кафедра меңгерушісі міндетін атқарушы, б.ғ.к. Р. Р. Олжаева, аға оқытушы А.Т. Абленова, оқытушылар – К.Т. Сыдықова, Д.Д. Муртазина өз үлестерін қосты,  сондай-ақ қазылар алқасының құрамында кафедра доценті Р.Т. Динжуманова және PhD Б.С. Советов болды.

Олимпиада 4 кезеңнен тұрды: “Қазіргі әлемдегі Биохимия” тақырыбындағы бейнероликтер байқауы, Google form платформасында онлайн тестілеу, ауызша түрде ситуациялық есептерді шешу және капитандар байқауы. Орыс және қазақ бөлімдерінің командалары III дәрежелі дипломдармен марапатталды, сондай-ақ барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

М.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар