Дәрігерлер әулетінің өкілдерімен кездесу

Дәрігерлер әулетінің өкілдерімен кездесу

25.04. 2024 жылы “Семей медициналық университетінің” психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Т.М. Молдағалиев пен ассистент А. А. Алмағамбетованың жетекшілігімен “Дәрігерлер әулетінің өкілдерімен кездесу” өткізілді.

5108,5425,5432 топтардың студенттері, 602 топтың интерндері, резиденттер қатысты.

Бакуменко Н. К. 1967 жылдан 2012 жылға дейін балалар бөлімінде психикалық денсаулық орталығында жұмыс істеді. 1977 жылдан бастап қаланың психиатрия тарихымен айналысқан.  2009-2012 жылдары Қазақстан қалаларының психиатриялық қызметінің тарихы бойынша кітаппен жұмыс істеді. Бакуменко Н.К. Семей қаласының писхиатриялық қызметінің тарихы мұражайын ұйымдастырды.

1978-1980 жылдары Марксизм – Ленинизм университетінде оқыды. Еңбекестьігі үшін медалі, қалалық партия комитетінің грамоталары мен алғыс хаттары бар. 

Н.К. Бакуменконың анасы– Обедкова-Бакуменко Пелагея Флигонтовна 03.05.1923 ж.т. Ұлы Отан соғысына қатысқан (1941-1945 ж. ж.). Соғыстан кейінгі уақыттан бастап 1957 жылға дейін психиатриялық колонияда аурухана меңгерушісі болып жұмыс істеді. “Денсаулық сақтау үздігі” медалімен марапатталған. Студенттермен қарым-қатынас барысында Наталья Константиновна өзінің өмірлік жолымен, қызықты оқиғаларымен бөлісті және студенттерді психиатрия практикасында бұрын қолданылған атрибуттармен таныстырды.

Н.К. Бакуменкомен кездесуден кейін резиденттер мен студенттер өз әсерлерімен қуана бөлісті, белсенді сұрақтар қойды, үлкен жолдың кезеңдеріне қызығушылық танытты. Кездесу соңында олар өздерінің кәсіби қызметінде пайдалы болатын білім алғанын атап өтті.

Жарияланды: