Діни қауіпсіздік және жастар ортасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл

Діни қауіпсіздік және жастар ортасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл

Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе  кафедрасында 7 курс ЖТД интерндерімен діни қауіпсіздік және экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы әңгіме өтті.  Ұйымдастырушылар мен қатысушылар: Семей қаласының ЖТД кафедрасының меңгерушісі А. А. Дюсупова, В.Т.Ахметова, О.А.Юрковская, Г. Т. Камашева, Т. М. Беляева, А. С. Джармухаметова, ЖТД 714,715,718 топ интерндері.

   Әрине, жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мұндай құбылыстардың салдарын жоюға қарағанда әлдеқайда тиімді. Не істеуге болады? Біріншіден, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар өткізу. Өз құқықтары мен бостандықтарын білу жас ұрпақтың басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, оның ішінде олардың өміріне, денсаулығы мен қадір-қасиетіне деген құрмет сезімін дамытуға ықпал етеді. Екіншіден, жастардың ұлтына, дініне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына және өзге де мән-жайларына қарамастан, толерантты дүниетанымын, барлық адамдарға толерантты көзқарасын тәрбиелеу. Бала кезінен бастап әр адам кез-келген жағдайға қарамастан барлық адамдарды құрметтеуге үйренуі керек.