2024 жылдың 11-12 сәуірінде «МУС» КеАҚ профессоры Какенова Пану Ильясовнаның 90-жылдық мерей тойына арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысуымен білім алушылардың жылсайынғы 66-шы студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасынан 4 курс студенттері мен ЖТД 6, 7 курс интерн-дәрігерлері қатысты. Студенттер және интерндер «Хирургиялық көмекті ұйымдастырудың заманауи аспектілері» секциясына баяндамаларымен қатысты.
Оразов Саян Нұрланбекұлы 4 курс студенті «Операциядан кейінгі үлкен көлемді вентралды жарықтарда тартылымсыз герниопластика әдістерін салыстыру» баяндамасымен секцияда І орынды иеленді, ғылыми жетекшілер: м.ғ.д., профессор Аймагамбетов М.Ж., PhD, қауымдастырылған профессордың м.а Әуенов М.Ә.
Бақтаров Әлішер Ахметқалиұлы 6 курс интерн-дәрігері «Перицистэктомия бауырдың эхинококкты кисталарын емдеуде таңдаулы әдіс» баяндамасымен секцияда ІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшілер: м.ғ.д., профессор Аймагамбетов М.Ж., PhD, қауымдастырылған профессордың м.а Әуенов М.Ә.
Байдюсенов Диас Жұлдызұлы 6-курс интерн- дәрігері «Панкреонекрозды хирургиялық емін жетілдіру» баяндамасымен секцияда ІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшілер: м.ғ.д., профессор Аймагамбетов М.Ж., PhD, қауымдастырылған профессордың м.а Абдрахманов С.Т., Масалов А.Е.
Ақбаева Мөлдір Мұратбекқызы 7 – курс интерн -дәрігері «Интра – және операциядан кейінгі кезеңде механикалық сарғаюы бар науқастарда гемостаз бұзылуының алдын алу терапиясының алгоритмі” баяндамасымен секцияда ІІІ орынды иеленді, ғылыми жетекшісі: Оразгалиева М.Т.
Сондай-ақ, «Постерлік баяндамалар» секциясында 6 курс интерндері Қайрат Ж.К., Ардаққызы А., Шайзадаева Б. М. «Эпителиалды жыланкөз және оны хирургиялық емі» тақырыбында постерлік баяндама жасалынды, ғылыми жетекшілер: м.ғ.д., профессор М. Ж. Аймағамбетов., PhD, қауымдастырылған профессордың м.а . Әуенов М.Ә., Абдрахманов С.Т., Масалов А.Е.
Карибаева Г.А., Оспанова Н.Т., Мұратова А.Е. «Он екі елі ішектің перфорациялық жарасын емдеу нәтижелері» тақырыбында постерлік баяндама жасалынды, ғылыми жетекшілер: м.ғ.д., профессор Аймагамбетов М.Ж., Масалов А.Е.