17.04.24 Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында интерндермен кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша кездесу өткізілді. 7R01151 «Ересектердің, балалардың нефрологиясы» білім беру бағдарламасының жауапты қызметкері ассистент Ботабаева Айнұр Серікжанқызы студенттерді бағдарламаның мақсаты, міндеттері және пәндерімен таныстырды.
Қазіргі таңда кафедрада 1 курста – 8, 2 курста – 9 резидент білім алуда. Бағдарлама барысында резиденттер ересектер мен балалар кезеңіндегі жеке нефрология мәселелерін, бүйрек алмастыру емінің негіздерін, трансплантация және иммунокоррекция қағидаларын меңгереді. Резиденттердің емдеу жұмыстары Семей, Өскемен және Павлодар қалаларындағы мамандандырылған ауруханаларда клиникалық тәлімгерлердің жетекшілігімен өтеді. Оқу және клиникалық жұмыстармен қатар студенттер ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады. Резиденттер академиялық тәлімгердің жетекшілігімен тезистер мен мақалалар жариялап, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндама жасайды. Тәрбие жұмысы аясында олар волонтерлік қызметпен айналысады.
Сұхбаттасудың аяғында интерндер белсенді түрде сұрақтар қойып, нефрологияның басым бағыттарына қызығушылық танытты. Кеңес барысында студенттер барлық сұрақтарына жауап алып, жас нефрологтар қатарына қосылуға шақырылды.

