Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында 24.04.2024 ж.анатомия, гистология және Н. А. Хлопов атындағы топографиялық анатомия кафедрасының аға оқытушысы Садыкова Динара Ормбайқызы бірыңғай балалар-жасөспірімдер ” Жас Ұлан ” ұйымының 10 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға анатомиялық мұражай бойынша экскурсия жүргізілді. Мектеп оқушылары университеттің тарихымен, оның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен егжей-тегжейлі танысты. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойды: білім беру бағдарламаларының тізбесі бойынша, академиялық ұтқырлық бойынша, мемлекеттік гранттарды бөлу бойынша және т.б. өткізілген іс-шара мектеп оқушыларының жанды, танымдық қызығушылығын тудырды.

