Оқушыларымызды жерлесіміз-жазушы, абайтанушы Ырысхан Мусиннің шығармашылығымен таныстыру

Оқушыларымызды жерлесіміз-жазушы, абайтанушы Ырысхан Мусиннің шығармашылығымен таныстыру

Біздің университеттің тәрбие жұмысының стратегиясы университеттің жалпы және кәсіби мәдениеті  студент тұлғасын дамыту үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Білім алушыға тәрбие беру, біздің педагогикалық іс-әрекетіміздің органикалық құрамдас бөлігі болды, жалпы оқу және даму процесіне кіріктірілді.2024 жылдың 25 сәуірінде «Симуляциялық және білім беру технологиялары» кафедрасының оқытушылары п.ғ.д., Мұқанова Д.А., Ван О.Т., интерндер 722 ЖТД, 3126 шетелдік топ студенттері Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында болған, Ырысхан Мусинның «Аға Сұлтан» романының тұсаукесеріне қатысты.Ырысхан Мусин – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, облыстық «Семей таңы» газетінің және республикалық «Абай» журналының бас редакторы.Шараға қаламгердің замандастары мен қала зиялылары қатысты. Шежіреші М.Жанболатұлы Ы.Мусин туралы естеліктерімен бөліссе, ғалым М.Мұхамадұлы жазушының шығармашылығына тоқталды. Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі, әнші Жасұлан Тәжиевтің орындауында қазақ әндері шырқалды.«Дархан даланың ұлы тұлғасы» тақырыбындағы кітап көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырып, студенттер Ырысхан Мусиннің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Көрмеде жазушының шығармалары, оның шығармашылығы туралы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары, сонымен қатар жазушының шығармашылығы үшін алған марапаттары ұсынылды.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір