Заманауи университеттегі оқу процесі студенттің жеке тұлғасының кәсіби өзін-өзі дамытуға және жеке білім беру траекториясын құруға бағытталған елеулі өзгерістерді бастан кешіруде. Жоғары мектеп студенттердің кәсіби тұлғасына ұзақ мерзімді және қарқынды әсер етеді, оның қалыптасуы кәсіптік бағдар беру технологияларын пайдалана отырып, олардың білім алуы арқылы жүзеге асырылады (Шапиева А.В. 2021).
Анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мамандарды даярлауда да, кәсіптік бағдар беру жұмыстарында да үлкен көңіл бөледі. Кафедра оқытушылары, кафедра меңгерушісі С.Қ.Қожанова және кафедраны4 оқу ісі меңгерушісі Г.М.Есболатова 22.04.24 күні №30 мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді, студенттерімен кездесіп, дәрігерлік мамандыққа үлкен қызығушылық танытты, балалар университеттің факультеттері мен мамандықтары туралы мағлұматтар алды, сонымен қатар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

