“Қызылша. Өзекті мәселелері” академиялық ұтқырлық шеңберінде

“Қызылша. Өзекті мәселелері” академиялық ұтқырлық шеңберінде

26.04.2024 ж. Андижан Мемлекеттік медицина институты мен “Семей медицина университеті” КЕАҚ арасында Халықаралық ынтымақтастық саласында жасалған меморандум аясында ” Қызылша. Өзекті мәселелер” онлайн режимінде өтті.
Семинарды Андижан Мемлекеттік медицина институтының жұқпалы аурулар кафедрасы (кафедра меңгерушісі доцент, м. ғ. д. Мирзакаримова Д. Б.) және “Семей медицина университеті” КЕАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы (кафедра меңгерушісі профессор, м. ғ. д. Шаймарданов Н.К.) ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде 1 жыл резидент-инфекционистері Мадриков К, Сапаржан А., Байтуганова М. (Семей қ.), Кортаева А., Балтабай Д.(Павлодар қ.) болды. Іс-шараға “СМУ” КЕАҚ ЖТД мамандығы бойынша 602 және 606 тобының интерндері, Андижан медициналық институтының жұқпалы аурулар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы магистранттары, бакалаврлары және Андижан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жұқпалы аурулар дәрігерлері қатысты. Аталған іс-шара барысында спикерлер қызылшаның эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, амбулаториялық және стационарлық деңгейде емдеу тактикаларын атап өтті. Қызылша – бұл ауыр асқынулар мен өлімге әкелуі мүмкін өте жұқпалы инфекция. Спикерлер қызылшаның спецификалық алдын алу шарасы болып қызылшаға, паротитке, қызамыққа (ҚКП) қарсы вакцина екенін атап өтті. Қазақстан Республикасының Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес ҚКП вакцинасы 12-15 айлық және 6 жастағы балаларға енгізіледі. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қызылшаны емдеудің өзекті мәселелерін талқылады.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер