КеАҚ Семей медицина университеті Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының ішінде бірінші болып шетелдік студенттерді ағылшын тілінде оқыту тәжірибесін енгізді, бұл әр түрлі елдерден, негізінен Үндістан мен Пәкістаннан келген талапкерлердің үлкен легін әкелді. Университетті тәмамдаған студенттер үздік дәрігер және денсаулық сақтау саласының басшылары болып, өз кәсіптік саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті, студенттік шақта, білім алу кезінде, қарым-қатынаста алған дағдыларын сағынышпен және ризашылықпен еске алады. КеАҚ Семей медицина университетінде орыс тілінде күнделікті және кәсіби деңгейде қарым-қатынас дағдыларын дамыту аясында шетел бөлімінің бакалавриат студенттеріне арналған «Speaking Club for international students» клубы ұйымдастырылды. Клубтың мақсаты – пациенттермен қарым-қатынас және интернатурада білім алуға дайындық кезінде әлеуметтік қолдаудың бір бөлігі ретінде бейімделу және интеграциялау үшін тілдік құзыреттілікті дамыту.
Бұйрық негізінде, кестеге сәйкес және өз бастамаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Усенова О.А. және Ковалева Л.В. «Speaking Club» клубының студенттерімен (2023 ж. қараша және 2024 ж. сәуір) «Науқасты алғашқы қабылдау» және 26.04.2024ж. «Клиникалық тәжірибедегі аспаптық техника» тақырыптарында екі рет кездесулер ұйымдастырды. Сабаққа дайындалу үшін студенттерге тиісті тақырыптар бойынша терминдер сөздігі дайындалды. Сабақтар барысында сөздік қор мен сөздердің айтылуына ғана емес, медициналық құрылғылармен тікелей жұмыс істеуге де көңіл бөлінеді. Әңгімелер студенттер мен мұғалімдер тарапынан үлкен қызығушылықпен өтті.

