Академиялық шеңберінде “Энтеральды вирусты гепатиттер А және Е” тақырыбындағы дөңгелек үстел

Академиялық шеңберінде “Энтеральды вирусты гепатиттер А және Е” тақырыбындағы дөңгелек үстел

29.04.2024 ж.Андижан Мемлекеттік медицина институты мен “Семей медицина университеті” КеАҚ арасында Халықаралық ынтымақтастық саласында жасалған меморандум аясында Zoom платформасында “Энтеральды вирусты гепатиттер А және Е”тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Семинарды Андижан Мемлекеттік медицина институтының жұқпалы аурулар кафедрасы (кафедра меңгерушісі доцент, м. ғ. к. Мирзакаримова Д. Б.) және “Семей медицина университеті” КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы (кафедра меңгерушісі профессор, м. ғ. д Шаймарданов Н.К.) ұйымдастырды. Іс-шараға “Семей медицина университеті” КеАҚ-ның 602 және 606 ЖТД интерндері, АГМИ жұқпалы аурулар кафедрасының магистранттары, бакалаврлары, ПОҚ және Андижан облыстық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар дәрігерлері қатысты. Дөңгелек үстел спикерлері 1 жыл оқуының резидент-инфекционистер Мадриков Қ., Сапаржан А., Байтуғанова М. (Семей қ.), Кортаева А., Балтабай Д. (Павлодар қ.) өз презентацияларында А және Е вирусты гепатиттерінің эпидемиологиясын, клиникасын, диагностикасы мен терапиясын баяндады.
Жұқпалы аурулар резиденттері ересектердегі А гепатитінің ерекшеліктеріне, жүкті әйелдердегі Е гепатитінің ерекшеліктеріне жеке тоқталды. Талқылау барысында дөңгелек үстел қатысушылары А және Е гепатиттерін емдеудің негізгі принциптерін талқылады. Іс-шара соңында А, Е гепатиттері кезіндегі санитарлық-профилактикалық іс-шараларға және А гепатитінің спецификалық профилактикасына баса назар аударылды.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е. М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер