APLAR симпозиумы – 2024 және Қазақстан ревматологтарының 7-ші конгресі

APLAR симпозиумы – 2024 және Қазақстан ревматологтарының 7-ші конгресі

2024 жылдың 25-27 сәуірінде Қазақстан ревматологиясының тарихында айтулы оқиға болды: APLAR симпозиумы – 2024 және Қазақстан ревматологтарының 7-ші конгресі өтті. Бұл шараға 20-дан астам елден спикерлер қатысты! «Семей медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасынан медицина ғылымдарының докторы, профессор Иванова Р.Л белсене қатысты және кафедра профессоры Горемыкина М.В.,  № 4 «SLE: REGIONAL ISSUES IN MANAGEMENT» и №7 «OSTEOPOROSIS IN RHEUMATIC DISEASES. IS IT DIFFERENT?» секцияларының модераторы болды.     «APLAR young rheumatologist oral abstract session» жас ғалымдар секциясында профессор Иванова Р.Л жетекшілігімен, біздің кафедрадан ассистент Петрова Ю.А. қатысып, байқау қорытындысы бойынша 2 орынға ие болды.                                                    APLAR симпозиумы – 2024 және онлайн форматтағы Қазақстан ревматологтарының 7-ші конгресіне қатысушылар ретінде Семей, Павлодар қалаларының бірінші және екінші курс резидент-ревматологтары қатысты.                                                            

  Мұндай іс-шараларға қатысу тәжірибе алмасуға, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді және резидент-ревматологтарға  ревматология мамандығын игеруге шабыт беріп ынталандырады.