2024 жылдың 25 сәуірінде Қорқыт ата атындағы университеттің Жасанды интеллект институтының ұйымдастыруымен «Оқу процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында мастер класс өтті. Онлайн форматта өткізілген мастер классқа Медициналық білім беру сапасын бақылау бөлімі бастығы Мусаханова А.Е. және Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы оқытушылары қатысып, білім берудегі жасанды интеллекттің негізгі бағыттарын, білім берудің қолжетімділігін жақсартудағы, оның тиімділігін арттырудағы жасанды интеллекттің рөлін талқылады. Алайда білім берудегі жасанды интеллект оқытушыларды алмастырмауы керек, керісінше олардың мүмкіндікерін кеңейтіп, білімалушыларға жақсы қызмет көрсетуге көмекші құрал ретінде қолдануға болатындығы айтылды. Тәжірибе жүзінде танымал ЖИ жүйелерін қолдануға болады: ChatGPT, MYCIN, ViaVoice, Midjorney, Bard, QuillBot, Pixir, AI Novel.

