Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!

Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Бейбітшілік, келісім және бірлік Қазақстан аумағында тұратын ұлттың және этникалық топтардың тұрақты әрі гүлденген өмірі үшін қажет.

Осы мереке аясында 2024 жылғы 29 сәуірде № 3 жатақханада жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты студенттерді Қазақстан халқы өкілдерінің мәдениетімен және дәстүрлерімен таныстыру. Топ студенттері Қазақстанның түрлі халықтарының ұлттық киімдерін, тағамдарын ұсынды. Олар өздерінің бірегей салт-дәстүрлері мен шығармашылық жетістіктерін жарқын әрі әдемі көрсете отырып, мәдени дәстүрлердің байлығын көрсетті. Шара соңында студенттер алғыс хаттармен марапатталып, «Шығармашылық топ», «Ұлы дала дәмі», «Көркемдік топ», «Бірліктері жарасқан топ» және т.б. номинациялар бойынша марапатталды. Іс-шара қатысушылардың көңілін көтерген флешмобпен аяқталды.

ЖББП кафедрасынын оқытушылары

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер