29 сәуір 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріндегі сабақтар кестесіне сәйкес, оқытушылар запастағы полковник М.Ш.Амановтың және запастағы медицина қызметінің подполковнигі И.Н.Шерстобитовтың жетекшілігімен, 3223 және 3415 оқу взводтарының студенттерімен «Жалпы тактика» пәнінің №6 «Бөлімдер мен бөлімшелердің қорғаныста және шабуылдауда жаралыларға алғашқы медициналық жәрдем көрсету» тақырыбы бойынша әскери-медициналық эстафета түрінде сабақ өткізілді.
Эстафета барысында жаралыларға ұрыс алаңында және алып-шығуда алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша тәжірибелік мәселелер пысықталды.
Эстафета ұйымдасқан түрде өткізілді, сабақтың мақсаты орындалды.
Студенттер қойылған міндеттерді орындауда белсенділік танытты және практикалық тәжірибе алды.
Әскери кафедраның 3223, 3415 топ студенттері