Қазақстан халқының бірлігі күні – бұл ресми мемлекеттік мереке. Мемлекетімізде 1 мамыр «Бірлік күні» деп аталады, өйткені еліміздің ішкі саясатының басты басымдықтарының бірі ҚР халқының дінаралық және ұлтаралық бірлігін сақтау болды.
Бұл күн ел аумағында тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін, тілін және дәстүрлердің айырмашылығына қарамастан, адамдар арасындағы еркін және құрметті қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді. Дәстүр бойынша, мамырдың бірінші күні отбасылық емес, қоғамдық іс-шара. Қалаларда әртүрлі этностардың бірегейлігін көрсетуге арналған жаппай мерекелер, фестивальдар мен байқаулар өтеді.
Осыған байланысты 30 мамыр күні «СМУ» КеАҚ госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасында ЖТД 618 тобының интерндері «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» тақырыбында бірыңғай ашық сабақ өткізді. Қоғамның дамуының басты көрсеткіші әрқашан оның мәдени жетістіктері болды. Туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне ерекше қарау патриотизмнің маңызды белгісі болып саналады. Ашық сабақ барысында нағыз патриотизм рухы және өз «Отанына» деген сүйіспеншілік туралы бірнеше рет айтылды. Бейнежазбалар мен презентация слайдтары интерндер ашық сабаққа қатысушыларға ұсынды.
Госпиталды хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлы құттықтау сөз сөйледі – барлық интерндер мен резиденттерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады! Барша қатысушыларға және Қазақстан халқына бірлік пен жақсылық, өркендеу, ашық аспан, бейбітшілік, әр үйге молшылық, денсаулық пен табыс тіледі.
Кафедра оқытушылары: PhD, қауымдастырылған профессордың м.а. Әуенов М.Ә., PhD, қауымдастырылған профессордың м.а. Абдрахманов С.Т., Масалов А.Е.

