Бөкетов атындағы ҚарМУ өткен Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері

Бөкетов атындағы ҚарМУ өткен Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері

Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 2024 жылғы сәуірдің 25-26 аралығында ҚР Білім жәнеғылым министрлігінің бекітуімен «Қазақ тілі» пәні бойынша ҚР жоғары оқу орындарының өзге ұлт өкілдері студенттері арасында өтетін Республикалық пәндік олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты – әлеуметтік-коммуникативтік ортада мемлекеттік тілді қолдануды ынталандыру, қазақ тілін қолданудың мәртебесін нығайту болды. Республикалық пәндік олимпиадаға  12 оқу орнынан студенттер қатысты.

Семей медицина университетінің студенттері қазақ тілі пәнінің доцент м.а., п.ғ.к М.Д. Жорокпаева, оқытушы Н.М.Абешованың жетекшілігімен   медицина мектебінің  1121  топ студенті А. Нехорошева, 1124 топ студенті Н. Пятиков және 2208 топ студенті Е.Некрасовалар қатысып жүлделі  ІІІ орынға  ие болды. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар арнайы сыйлықтар мен  дипломдармен марапатталды.

Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы  – тіл.  Бірақ, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген халқымыздың даналық сөзін жадымыздан  шығармай, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, бір-бірімізбен қазақ  тілінде сөйлесу  азаматтық парызымыз. 

ЖББП кафедрасы

Рубрикалар: Категориясыз