29 сәуірде Педиатрия Кафедрасының жобасы аясында “Жалпы Медицина” мамандығының 7 курс интерндері балалар ауруханасында науқастармен ақпараттық-профилактикалық әңгіме өткізді. Дәрістің мақсаты Боткин ауруы деп те аталатын а гепатиті ауруымен күресудің ерте белгілерін, алдын алу әдістерін енгізу болды. Боткин ауруы-а гепатиті вирусынан туындаған бауырдың жедел жұқпалы ауруы. Вирус тамақтану жолымен, ластанған тамақ пен су арқылы жақсы жұғады, жыл сайын вирус он миллионға жуық адамды жұқтырады. Дәрістен пациенттерге көкөністер мен жемістерді жеу және тамақ ішу алдында қолды жуу сияқты күнделікті әрекеттердің маңыздылығы туралы айтылды. Қайнаған су ішу, бөлме мен дәретхананы таза ұстау сияқты әрекеттерге ерекше назар аударылды, өйткені дамушы елдерде және гигиенасы нашар аудандарда а гепатитімен сырқаттанушылық деңгейі айтарлықтай жоғары. Сондай-ақ, вакцинацияның жаңа кестесінің қабылдануына байланысты вакцинацияның маңыздылығы атап өтілді, өйткені а гепатиті вирусына қарсы вакцина бүкіл әлемде аурудың өршуін тиімді түрде тежейді. Дүние жүзіндегі тәжірибелер көрсеткендей, А гепатиті ауруын вакцинация, гигиена және санитария ережелерін сақтау арқылы алдын алуға болады. Дәрістен тыңдаушылар пайдалы ақпарат алды деген ойдамыз және оқытушы Бектар Жансулу Сергелдіқызына көрсеткен көмегі және бүгінгі күні а гепатиті проблемасын түсіндіру және аурудың алдын алу шаралары бойынша маңызды жұмыстарды жүргізу мүмкіндігін бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

