Неврология кафедрасында интерндерге арналған ашық есік күні

Неврология кафедрасында интерндерге арналған ашық есік күні

30.04.2024 ж. Неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасында “Ересектер, балалар неврологиясы” мамандығы бойынша резидентураға түсуге ниет білдірген интерндер үшін Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында аталған мамандық бойынша білім беру бағдарламасының талаптары: оқытылатын пәндер мен практикалық дағдылардың көлемі және жүйке жүйесі ауруларының тізімі, резиденттерге қойылатын талаптар, клиникалық базалар туралы ақпарат қаралды.

Болашақ резиденттердің Семей, Павлодар және Өскемен қалаларының клиникалық базаларында бейіндік бөлімшелерде (неврологиялық, инсульттік орталықтар, Функционалдық диагностика және визуализация) оқуға мүмкіндігі бар. Оқыту клиникалық тәлімгерлердің, сондай-ақ кафедраның тәжірибелі педагогтарының басшылығымен жүргізіледі.

Алынған білім, білік және дағдылар пациентке бағытталған тәсіл қағидатына сүйене отырып, резидентура түлектеріне алғашқы медициналық санитарлық көмек, стационардың бейінді бөлімшелері жағдайында және қажет болған жағдайда жедел жәрдем, қарқынды терапия, оңалту бөлімшелерінде өз бетінше де, мультидисциплинарлық бригада құрамында да кәсіби жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар