30.04.2024ж Семей қаласында қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және қалалық әкімдіктің қолдауымен «Ардагерлер- ұлт ұйытқысы, ұрпақ жалғасы, Отан қорғаушы – жастар» қалалық Форумы өткізілді. Форум жұмысына қала әкімдігі, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, оқу орындарының студенттері мен жастар қатысты.
Форум аясында бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысы туралы шағын көрмелер ұйымдастырылды. Семей медицина университетінің ардагерлері ұйымы, Қабылдау комиссиясы және Medical Foundation бөлімі де көрмеге және Форумға белсене қатысты.