30.04.2024 жылы “Семей медицина университетінің” психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті А. А. Алмагамбетова “Қазақстан халықтарының бірлігі күніне”арналған кураторлық сағат өткізді.
Бұл кездесудің мақсаты студенттердің бойында Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасы арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады! Мәдениеттерге, тарихи өткенге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу: оның табиғаты, әдет-ғұрыптары, дәстүрлері.
Бірінші Мамыр-Қазақстанның маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күн ерекше мағынаға толы және біздің еліміз үшін ерекше мәнге ие.
Еліміздің ішкі саясатының басты басымдықтарының бірі ҚР халқының дінаралық және ұлтаралық бірлігін сақтау болды. Бұл күн ел аумағында тұратын 150-ден астам ұлттың адамдарын біріктіреді және мәдениеттер, тілдер мен дәстүрлердің айырмашылығына қарамастан, адамдар арасындағы еркін және құрметті қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді.
Қазақстан халықтарының бірлігі күні-елді мекендейтін халықтар достығы мен ынтымақтастығының символы және адамдарды біріктіруге арналған жасампаз мереке. Кез келген ұлт пен ұлысқа құрмет пен төзімділік Қазақстанға достық және қазіргі заманғы мемлекет мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді.

