1 мамыр – ұлттық бірлік күні, Қазақстандағы барлық этностардың достығы мен келісім мерекесі, бұл қазақстандық патриотизмнің, елге, халқына адалдықтың мерекесі.
Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Халық бірлігі – мықты және өркендеген мемлекеттің көрсеткіші, оның негізі – толеранттылық пен мәдениетаралық диалог.
2024 жылдың 25 сәуірінде терапия кафедрасы Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күнін атап өтті. Шараны терапия кафедрасының ассистенті Рыскенова Алтынгүл Ермекқызы ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға «МУС» КЕАҚ 5 курс шетел факультетінің студенттері қатысты. Мерекенің тарихы туралы презентация көрсетіліп, студенттер ұлттық киімдерін киіп, өз елдерінде 1 мамырды қалай тойлайтынын айтып берді.

