Әсемдікпен табысу

Әсемдікпен табысу

30 сәуір 2024 жылы әскери кафедра оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Шерстобитов И.Н., Жалпы медицина мамандығының 3223 кураторлық тобының студенттерімен бірге «Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына» барды.

Невзоровтар отбасы жинағының ұзақ, қызықты тарихы бар және XIX  ғасырдың ортасынан бастау алады, бұл туралы гид қысқаша айтып берді, сонымен қатар XVIII  ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы орыс өнерінің дамуы туралы және қалайша мұражай өркендегі туралы баяндады.      

Мұражай коллекцияларында 5000-ға жуық өнер туындысы бар. Суретшілердің портрет жанрына деген ерекше құштарлығы сол заманның жалпы сипатын, адамға, табиғатқа, өмірге деген асқан қызығушылығын көрсетті.

Мұражайды тамашалау студенттердің өнерге деген үлкен қызығушылығын оятып,  өнер туындыларын жасалу тарихын рухани жағынан қозғауға мүмкіндік берді.

Әскери кафедраның 3223 топ студенттері