Сәуірдің 26 күні «Семей медицина университеті» КеАҚ, жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен медицина және стоматология мамандықтарының 1 және 2 курс студенттерімен облыстық Дін басқармасы өкілдері: Дін істер басқармасының бастығы- Искаков Сейлбек Абюрович, Өкіл имам- Мұқанов Асқар Әбітайұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз насихат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары- Сайфуллин Думан Нәдірұлы және теолог маман – Ботаханов Махсат Дюсенбековичтердің қатысуымен білім алушыларымыздың діни сауаттылығын арттыру мақсатында “Жат ағымнан сақтандыру, білім алудың маңыздылығы” атты тақырыпта ақпараттық танымдық дәріс өткізілді.
Кездесу барысында білім алушыларымызға діни сауаттылық, теріс діни ағымдардың ерекшеліктері мен экстремистік қауіптің алдын алу мәселелері мен діни сенімге қатысты құқықтық құжаттармен таныстырып, бірқатар қажетті ақпараттармен бөлісіп, видеокөрсетілімдерді ұсынды. Білім алушылар тарапы да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап алды.
~Жалпы білім беру пәндер кафедрасы~