23-25 сәуір аралығында Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, Абай ауданының штаттан тыс бас инфекционисті, м.ғ.к. Эфендиев Имдат Мұса Оғлы Абай және Павлодар облысының жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен инфекционист дәрігерлеріне «Балалар мен ересектердегі жедел жұқпалы ауруларға көмек көрсету» тақырыбында семинар өткізді. Семинар Zoom платформасында Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Семей медицина университетінің клиникалық бөлімі және цифрлық технологиялар қолдауымен ұйымдастырылды. Барлығы 166 тыңдаушы қатысты.
Көктемгі су тасқыны кезінде жедел ішек инфекцияларының таралу қаупі күшейеді, оның дамуына қоқыс шұңқырларының, сыртқы дәретханалардың, кәріз және су құбырларының желілерін тасқын суларының басып кетуі ықпал етеді. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық және бактериялық этиологиялы басқа да жедел ішек инфекциялары, вирусты гепатит «А» сияқты жұқпалы аурулар жатады (https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/743387?lang=ru).
Эфендиев И.М. тыңдаушыларға балалардағы мен ересеткрдегі шигеллез, сальмонеллез, іш сүзегі, вирусты гепатит «А» және энтеровирусты инфекцияның клиникасы, жіктелуі, ажырату диагностикасы, тексеруі, емдеуі және алдын алу шараларын баяндады.
Семинар соңында Имдат Мұса Оғлы тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға семинарлар үшін алғыстарын білдірді.
Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы