2024 жылдың 24-26 сәуірінде Кемерово мемлекеттік медицина университетінде «Медицина және биология мәселелері» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға СМУ КеАҚ ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы атынан 2 курс, «Медицина» факультеті, 2121 топ студенттері – Игисинова Азиза, Мубаракова Нурайша, Жумабай Асанали «Никотинді талдау: шылым шегудің модернизациялық түрлері», «2 курс студенттері арасындағы стресстің әсері» тақырыптарымен м.ғ.к. Рахыжанова Сәуле Орынғазықызы ғылыми жетекшілігімен баяндама жасады. Баяндамалар физиология және тәжірибелік медицина секциясында өтті. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда физиология саласындағы ерекше ғылыми жетістіктері үшін студенттер марапатталды. Марапаттаумен бірге Кемерово мемлекеттік медициналық университетінің Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының ректорының міндетін атқарушы В.В.Большаковтың Семей мемлекеттік университетінің ректоры Дюсупов Алтай Ахметқалиұлының атына «Алғыс хат» табыс етілді. Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы ғылыми жұмыстарға алғысын айтып, ғылыми қоғамдастықтың дамуына үлес қосудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ғылыми жетекшісі Рахыжанова С.О. конференцияның сәтті өткеніне өзінің мақтанышы мен қуанышын білдірді. Бұл марапаттар мен алғыс хаттар біздің студенттер үшін жағымды марапат қана емес, сонымен қатар медицина саласындағы ғылыми зерттеулер үшін күшті ынталандыру болды.