“Халықаралық студенттерге арналған Speaking club” студенттік отырысы

“Халықаралық студенттерге арналған Speaking club” студенттік отырысы

Д.Р.Мусинов атындағы Клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының ассистенттері Косымбаева Е.О. және Жунісова Д.А. орыс тілі негіздерін оқыту бойынша шетел бөлімінің студенттеріне арналған Speaking Club отырысын өткізді.
Әңгімелесу клубына қатысу арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сөздік қорды кеңейту – тіл құзыреттілігін арттырудың тамаша тәсілі болып табылады. Қатысушыларға алдын ала «Онкология» пәні бойынша терминологиясы бар глоссарий берілді. Глоссарийді студенттерге беру арнайы терминологияны меңгеріп қана қоймай, пән саласын жақсы түсінуге де көмектеседі. Аталған клубымыз орыс тілін үйренуге ынталы және уақытын тиімді пайдаланғысы келетін студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға тамаша мүмкіндік береді.

Рубрикалар: Оқу процесі