Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні, 1 мамырда Травматология және балалар хирургиясы кафедрасы және 3,5,7 курс студенттері бірлесіп Семей Орманы резерватында қарағай көшеттерін отырғызу акциясына қатысты. Акция Ресейден келген эко блогер Алексей Сибирский мен жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен өтті.
Акцияға келесі жергілікті студенттер топтары қатысты – 710 интерндер тобы, 3521 топ, және 3 курстың 3553 тобы және 5 курстың 5462 тобының шетелдік студенттері қосылды. Әркім жаңа тәжірибе алып, қарағай көшеттерін отырғызу ерекшеліктері туралы жаңа мағлұмат алды, және біздің көне таспалы орманды қалпына келтіруге тікелей қатысты. Акцияға тағы Семей қаласының Жедел жәрдем станциасының қызметкерлері, “Айналайн” балабақшасының, Халық банкінің қызметкерлері қатысты. Бір күн ішінде акцияның барлық қатысушылары 10 мыңға жуық жас көшет отырғызды.