6 мамыр күні мамыр мерекелері қарсаңында, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні, биохимия және химиялық пәндер кафедрасында 2501, 2503 “Медицина” шетелдік топтарының студенттерімен осы мерекелерді Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін атап өтудің маңыздылығы туралы әңгімелер өтті. Ағылшын бөлімінің оқытушысы Р.Р. Олжаева студенттерге ақпарат беріп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті қорғаған ардагерлерімізге алғысын білдірді. Біздің барлық ардагерлерімізге тағзым жасап және үлкен алғыс білдіреміз! Өткенді еске түсірсек, болашағымыз бар. Кафедра ұжымы мен кафедра студенттерінің атынан баршаңызға бейбіт аспан, әр отбасына амандық, жер бетіндегі барлық адамдарға бірлік пен бейбітшілік тілейміз! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы, кафедра меңгерушісінің м.а. Олжаева Р. Р.