2024 жылдың 4 мамырында Түсіпова Д.М. атындағы Педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасында Д. М.. Иманмадиева, Қапанова А. А басшылығымен “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен танысу үшін кураторлық сағат өткізілді. Тыңдаушылар 1 және 2 жылдық резиденттер, 711 топтағы ЖПД интерндері, 701 топтағы педиатрлар, 601 топтағы педиатрлар интерндері болды. 2024 жылғы 19 сәуірде Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
Тыңдаушыларға Заң Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық және қаржылық қорғау жүйесін енгізу және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ құрамында никотин бар заттардың жастар арасында таралуының алдын алу және оған қарсы күрес бойынша жүйелі шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталғандығы түсіндірілді. Сондай-ақ, заңда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізілді және медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды: тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда балаларына арналған орындарды басым тәртіппен алуға, кәсіптік қызметке заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғауға, мамандыққа құрметпен қарауға, медициналық мамандық бойынша әскери қызмет өткеруге немесе шақыруды кейінге қалдыруға құқықтар берілді әскери қызметке; Кураторлық сағаттың соңында Кері байланыс жасалды. Танысу парағы толтырылды.