Қазіргі уақытта “Семей медицина университеті” КеАҚ базасында Клиникалық фармакология мамандығы бойынша Резидентурада мамандар даярлануда. Оқу ұзақтығы 2 жыл. Оқу бағдарламасы облыстың жоғары дәрежелі клиникалық фармаколог мамандарының академиялық және клиникалық жетекшік етуімен жүргізіледі. Семей қаласындағы клиникалық базаның клиникалық жетекшікісі, кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Тулеутаева Р.Е, резидентура бойынша жауапты кафедра ассистенті, дәрігер- клиникалық фармаколог Махатова А.Р. Сонымен қатар бірқатар резиденттер Павлодар және Өскемен қалаларының клиникалық базаларында дәрігер-клиникалық фармакологтар – Дудолдаева Е.Ю және Елиупова С.А клиникалық жетекшіклік етуімен білім алуда.
Оқу бағдарламасының мақсаты жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы талаптарға жауап бере алатын, өз бетімен толық көлемде кеңес бере алатын және дәрілік заттардың науқасқа тиімділігін бағалай алатын, фармакотерапияның сапасына тәжірибелік бағалау жүргізе алатын, дәрілік заттардың денсаулық сақтау ұйымдарында қолданылуына баға бере алатын мамандарды даярлау.