6 мамыр 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында медицина қызметінің полковнигі Ш.О.Орынбасаровтың және 4216 топ студенттерінің ұйымдастыруымен, Физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы К.Т.Құсайынованың басқаруымен келген «Жалпы медицина» мамандығының 2419 топ студенттерінің қатысуымен, Ұлы Отан соғысының батырларына арналған тәрбиелік сағат өткізілді.
Іс-шара барысында Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетовтың батырлық істері, өмір жолы, жасаған еңбектері жайлы ақпарат берілді.
Батырларымыздың өзінен кейінгі қалдырған мол мұрасы өскелең жас ұрпаққа ерекше әсер қалдырды.
Әскери кафедраның 4216 топ студенті Р.Оразалин