Абай айтқан «Еңлік-Кебек» қойылымына бару

Абай айтқан «Еңлік-Кебек» қойылымына бару

Қазақ даласында ерте заманның елесінде кетсе де ел жадында әлі күнге аңыз-әпсана, дастан-жыр болып сақталған тарихи дүниелер жетерлік. Соның бірі «Еңлік-Кебек» лиро-эпостық дастаны. Бұл махаббат хикаясын Абай заманында ақынның жеткізуімен Шәкәрім мен Мағауия дастанға арқау етті. Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов тұңғыш рет сахналық нұсқасын жасап, қойылым ретінде көрермен назарына ұсынды.

Балалар аурулары  пропедевтикасы кафедрасының ассистенті  Койшыбаева  К.Ж.    “Педиатрия ” мамандығы,  3303 кураторлық тобымен  мәдени, бұқаралық және эстетикалық тәрбиені арттыру шеңберінде Абай атындағы  Қазақ музыкалық Драма театрының  90 жылдық мерейтойына арналған  шаралар аясында “Еңлік Кебек” қойылымына барды.Қойылым сол дәуірдегі рушылдық талас-тартыстың, махаббат машаһатын, салт пен дәстүрге қиянат келтірмеген билеушісі бар елді, әділет іздеп сезімге зәру болған жастарды, тәрбиенің талабы тәртіп екенін талдап, деталь арқылы жеткізеді. Режиссер үш автордың шығармаларының басын қосып, бүгінгі күннің санасына жаңғырық бере отырып, әуенмен әлдилеп талғам таразысына салады.
Абай айтқан «Еңлік-Кебек» трагедиясы жаңа үні бар жастарға тарихын танытатын, жаңашылдық сипат сыйлайтын тартымды дүние.

Сюжеттік трагедияға қарамастан, Әуезов пьесасы әлі күнге дейін мәңгілік махаббатты, мейірімділікті, тектілікті жырлайды.

Студенттер қойылымнан айрықша  әсер алды.  Бұл бір  эмоцияға толы, қайталанбас кеш болды.