Өскемен филиалының ЖДТ  кафедрасы әрқашан өзінің жан-жақты интерндерімен мақтанады

Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасы әрқашан өзінің жан-жақты интерндерімен мақтанады

Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасы әрқашан өзінің жан-жақты интерндерімен мақтанады

2024 жылғы 27 сәуірде Өскеменде “Восток” стадионында әуесқой командалар арасында футзалдан ШҚО мен Өскемен қаласының XVII ашық чемпионаты өтті. Турнирдің мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

   Ойын керемет өтті. Бірінші орынды Өскемен қаласының медицина қызметкерлері құрамындағы “УКА Med Senim” командасы, оның ішінде Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ЖДТ 733 тобының интерні Ақылбеков Диас жеңіп алды. Құрметті екінші орынды “ДСЮШ 2017″командасы иеленді. Жеңімпаздардың үштігін Катонқарағайдан келген “Катонқарағай” командасы түйіндеді.

Шәукембаев Шыңғыс (БЖСМ 2017) матчтың үздік ойыншысы болып танылды.

Жеңімпаз команда кубок алды, жүлдегерлер арнайы мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды.

       Өскемен филиалының ЖДТ  кафедрасы әрқашан өзінің жан-жақты интерндерімен мақтанады.