Отан қорғаушылар күніне арналған спартакиада

Отан қорғаушылар күніне арналған спартакиада

7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне орай университетте ерлер арасында университет ішілік спартакиада өтті. Осыған орай, спартакиадаға біздің кафедра атынан реабилитолог-резидент Алибек Ернар қатысты. Спорттың келесі түрлері бойынша Спартакиада өтті: 1. Үстел теннисі; 2. Арқан тарту; 3. Мылтық пен тапаншадан ату; 4. Қол күресі; 5. Волейбол. Спорттық жарыстың қорытындысы бойынша армрестлингтен Алибек Ернар жүлделі орынға ие болып, сертификатпен марапатталды. Алғысымызды білдіреміз, құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз.

Рубрикалар: Конкурстар