Туберкулез – Mycobacterium tuberculosis бактериясы тудыратын ауыр жұқпалы ауру. Туберкулез туралы кейбір фактілер:
1. Статистика:
o 2022 жылы туберкулез 1,3 миллион адамның өмірін қиды (соның ішінде 167 000 АИТВ жұқтырған адам).
o Дүние жүзінде туберкулез жұқпалы аурулардан болатын өлімнің екінші себебі болып табылады, COVID-19-дан кейін екінші орында (АИТВ және ЖИТС-тен өлім-жітім деңгейі жоғары).
2. Науқастардың үлесі:
o Туберкулезбен ауыратындар арасында әйелдердің үлесі 32%, ал балалар (15 жасқа дейін) 12% құрады.
o Туберкулезбен ауырғандардың 8,2% АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында кездеседі.
1882 жылы 24 наурызда неміс микробиологы Роберт Кох туберкулездің қоздырғышы анықталғанын хабарлады. 2023 жылы Кох таяқшасының ашылғанына 141 жыл болды. 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні.
Бүгінгі таңда туберкулез әлемде өзекті мәселе болып қалып отыр, оның алдын алу және емдеу жұмыстары жалғасуда. Халықты осы дертпен күресу шаралары туралы ақпараттандыруды жалғастыру маңызды.
2024 жылдың 4-ші мамырында 729 топ интерндері және Өскемен қаласы ЖДТ кафедрасының ассистенті Ахметова Сажида Саутовна стоматологиялық колледж студенттерімен «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында дәріс ұйымдастырып, өткізді. Дәріс барысында жаңа туған нәрестелер арасындағы вакцинация, туберкулезді ерте диагностикалау, сондай-ақ аурудың алғашқы белгілері туралы айтылды.