ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары 2023-2024 оқу жылы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 17-26 сәуірде «Жазғы мектеп» шеңберінде «Жасушалық ұрпақтар қатарында генетикалық ақпараттың тасымалы» атты тақырыпқа сабақтар өткізді. Жазғы мектепке «Стоматология» ОБ бойынша білім алатын қазақ және орыс бөлімінің І курс студенттері қатысты. Тыңдаушыларға арнап 3 кредиттік көлемде силлабус және оқу-тақырыптық жоспарлар дайындалды. Жазғы мектептің мақсаты: генетикалық ақпарат тасымалына, генетикалық ақпараттың жасуша ішіндегі өңделуіне, генетикалық белсенділіктің реттелуіне қатысты сұрақтарды кеңінен және тереңдетіп оқу, сонымен қатар білім беру бағдарламасын меңгеруде қиындықтар туған студенттерге көмек көрсету.