2024 жылдың 10 мамырында «Жалпы медицина» мамандығының 2427 тобында «Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық батырлар» атты тақырыпта кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта топ кураторы – ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.М.Токешева топ студенттерін Қазақстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы КСРО жеңіске жетуіне қосқан үлесімен таныстырды. Жауынгерлік әскер қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық қосылды. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Кеңес Одағының батырлары Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Сұлтан Баймағамбетов, халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов, Рахымжан Қошқарбаевтар және басқа да көптеген Қазақстанның ұл-қыздарының майдан даласындағы ерліктері туралы бөлек мәселе қаралды. Олар халқымыздың ерлігінің, қайсарлығының және қайтпас рухының қайталанбас үлгілері болып табылады.