«Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының оқытушыларының №4 студенттер үйіндегі кезекшілігі

«Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының оқытушыларының №4 студенттер үйіндегі кезекшілігі

2024 жылдың 6-мен 10 мамыр аралығында «Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының оқытушылары Берсимбаева Г.Б., Канапиянова Г.Б., Петрова Ю.В., Ботабаева А.С., Селгазина М.Б №4 студенттер үйінде осы оқу жылында соңғы кезекшілігін өткізіп, студенттер тұратын бөлмелерді аралап, студенттердің жатақханадағы тұрмыстық жағдайларын тексерді. Студенттердің бөлмелері жылы, таза. Жуынатын бөлмелерге ыстық су су жылытқыштардан қамтамасыз етілген.  Тұрмыстық бөлмелерінде кір жуғыш машиналар, электроплиталар, тоңазытқыштар жұмыс жасап тұр. Кезешілік кешкі уақытта өтті. Бұл кезде студенттер сабақтарынан келіп, тұрмстық бөлмелерде кешкі астарын әзірлеп, кірлерін жуып, бөлмелерін жинастырып жатқан кездері.  Кафедраның қызметкерлері жатақхананы аралау кезінде студенттермен салауатты өмір салты  туралы әңгімелер жүргізді. Медик – студенттердің барлығы фаст фудтар, газдалған және энергетикалық сусындардың зияны туралы білетіні – қуантарлық жағдай. Студенттердің басым көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен, денешынықтырумен шұғылданады. Әңгіме барысында кафедраның оқытушылары студенттер қойған барлық сұрақтарына жауап берді.  Студенттер тарапынан университеттің әкімдігіне шағымдары жоқ.

«Ішкі аурулар мен ревматолгия» кафедрасының ассистенті м.ғ.к. Селгазина М.Б.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар