Клиникалық тәлімгердің резидент-пульмонологтарды даярлаудағы рөлі

Клиникалық тәлімгердің резидент-пульмонологтарды даярлаудағы рөлі

КеАҚ «СМУ», терапия кафедрасы “Ересектер, балалар пульмонологиясы” мамандығы бойынша дәрігерлерді даярлауда. Резиденттерді кафедраның тәжірибелі қызметкерлері  Семей, Өскемен және Павлодар қалаларының клиникалық базаларында жоғарғы санатты, жетекші дәрігер – пульмонологтар оқытады.

2023-2024 оқу жылында “ересектер, балалар пульмонологиясы” мамандығы бойынша резидентурада 7 резидент оқиды, оның ішінде 1оқу жылында: Семей қаласында – 3, Павлодар қаласында – 2резидент,  2 оқу жылындағы : 2 Резидент: Павлодар қаласында 1 резидент, Өскемен қаласында 1 резидент

Семей қаласында клиникалық база АО ДСБ ШЖҚ МКК “Облыстық фтизиопульмонология орталығы” болып табылады.

Павлодар қаласында клиникалық база ШЖҚ МКК ” Ғ. Сұлтанова  атындағы “Павлодар облыстық ауруханасы” болып табылады. “.

Өскемен қаласында №4 қалалық аурухана клиникалық база болып табылады.

“Ересектер, балалар пульмонологиясы” мамандығы бойынша клиникалық тәлімгерлер.

  1. Жаркенова Ботагөз Кенеспекқызы-. ШЖҚ МКК облыстық фтизиопульмонология орталығы Абай облысы ДСБ, Семей қаласының фтизо-пульмонология бөлімшесінің менгерушісі. Жоғары санатты пульмонолог.
  2. Абдиева Загрипа Токеновна- – ШҚО штаттан тыс бас пульмонологы, Өскемен қаласының ШЖҚ МКК №4 қалалық ауруханасының тыныс алу орталығының меңгерушісі. Жоғары санатты пульмонолог.
  3. Баширова Гүлнара Капиятқызы- Павлодар облысының штаттан тыс бас пульмонологы .

ШЖҚ МКК ” Ғ. Сұлтанова атындағы “Павлодар облыстық ауруханасының. “. Жоғары санатты пульмонологы.

Клиникалық тәлімгерлердің басшылығымен резиденттер күнделікті практикалық дағдыларды меңгереді, манипуляцияларды орындайды, медициналық құжаттаманы енгізеді. Резиденттер кафедра, бөлім меңгерушілерін, профессорлардың клиникалық талдауларына  және консилиумдарына  қатысады.

Резиденттерді даярлауда дәрігерлік этика мен деонтология қағидаттарын сақтай отырып, адамгершілік тәрбиесіне, науқастармен  және әріптестермен қарым-қатынас жасау дағдыларына ерекше көңіл бөлінеді.  Білім, ғылым және клиниканың үш бағыттағы қағидаттарына сәйкес кафедрада сұранысқа ие білікті пульмонолог – дәрігерлерді даярлау жүргізіледі.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз