Ұранды ердің – ұрпағы қайсар

Ұранды ердің – ұрпағы қайсар

Бүгінгі ұрпақ аға буын – ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

     Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, қазақстандықтарды Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбастарына бақ-береке  тілейміз!

       Үлкендерге сый-құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтау мақсатында 06 мамыр 2024 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының ұжымы және студенттері мемлекетіміздің, еліміздің жарқын болашағы үшін бейбіт өміріміздің сақшыларын оқытып-тәрбиелеуде өз үлестерін қосқан, қазіргі кезде зейнеткерлікке шыққан  еңбек ардагерлері Мурзабаева Гулжанат Жумабаевнаны және Голубцова Галина Владимировнаны дәстүрлі түрде, үйлеріне барып, сый-сыяпаттарын тапсырып, құттықтап шықтық.

    Абзал азаматтарымыз әр отбасының алтын қазығы, оларға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес!

                                                                                     Әскери кафедра бастығы

                                                     медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров

                                                                  Тәрбие жұмыстарына жауапты

                                                запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н Смаилов

Жарияланды: